TDK & USJ Airport logo

Хабарламалар

«Жетісу» АК ресми хабарламалары мен ескертулері.

Объектілерді бәсекелес ортаға беру жөніндегі жол картасы

2026 жылғы 10 сәуірдегі № 12-03/07-1534 тапсырмаға (1.2.1.1-т.) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) экономиканы демонополизациялау жөніндегі Комиссия отырысы шеңберінде (ҚР Премьер-Министрінің ағымдағы жылғы 6 сәуірдегі отырыс хаттамасының 1.2.1.1-тармағы) квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жөніндегі тізбелерге енгізілген ұйымдарды бәсекелес ортаға беру бойынша жол карталарын әзірлеу және бекіту тапсырылғанын хабарлайды. Бүгінгі күні Жаңа оңтайландыру жоспарына (ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 894 қаулысы) бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын шамамен 200 объект енгізілген, олардың негізгі бөлігін табиғи монополия субъектілері құрайды. Министрлік табиғи монополия субъектілерін бәсекелес ортаға беру бойынша жол картасының үлгісін (1-қосымша), сондай-ақ басқа объектілер үшін үлгіні (2-қосымша) әзірледі. Бұл үлгі кеңейтілуі және басқа объектілерге қатысты қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты ағымдағы жылғы 15 мамырға дейін жол карталарын Министрлікті хабардар ете отырып және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (gosreestr.kz) орналастыра отырып, жеке бекітуді қамтамасыз етуді сұраймыз. Шаралар қабылданбаған және ҚР Премьер-Министрінің көрсетілген тапсырмасы орындалмаған жағдайда Жаңа оңтайландыру жоспарын іске асыруға жауапты тұлғаларды (мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес) жауапкершілікке тарту мәселесі бастамашылық етіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру

Нәтижелерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы бетте қарау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу авиакомпаниясы» АҚ 2026 жылғы 13-30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда: 1) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар үшін байланыс

8 7282 41 18 19 – Айдарханов Мухит Мухтарович

2026 жылғы 1 наурыздан бастап реттелетін әуежай қызметтеріне жаңа индексацияланған тарифтер

«Жетісу» АК авиакомпанияларды және барлық мүдделі тараптарды 2026 жылғы 1 наурыздан бастап реттелетін әуежай қызметтеріне тарифтер өзгергені туралы хабарлайды. Ресми хабарлама хатты төменде жүктеп алуға болады.