Әуежай Үшарал қ.

Үшарал — Қазақстан Республикасы Жетісу облысы Алакөл ауданындағы әуежай, Үшарал қаласынан батысқа қарай 5 км жерде. 1970 жылы Жоңғар қақпасында орналасқан гарнизонды қолдау үшін әскери аэродром ретінде құрылған. 1990 жылдардың басына дейін Үш-Арал деп аталды.

1992 жылға дейін аэродромда 10-шы истребитель авиация дивизиясының құрамында болған 27-ші истребитель авиациялық полкі (МиГ-21 ұшағы) болды. Ол Алматыдан (Як-40 ұшағы) және Талдықорғаннан (жергілікті елді мекендердің аэродромдарына аралық қонумен, Ан-2 ұшағы) тұрақты азаматтық рейстерді қабылдады.

2015-2017 жылдары әуежайдың ұшу-қону жолағы жөнделді, 2 ұшаққа арналған жаңа жермен жұру жолдары мен перрон, жаңа терминал ғимараты салынды. 2017 жылдың 21 шілдесінде әуежай азаматтық маусымдық рейстерді қабылдай бастады. 2017 жылдың 21 шілдесінде әуежай азаматтық маусымдық рейстерді қабылдай бастады. Құрылыс жұмыстарын мердігер ұйым «АСД Групп» ЖШС жүргізді.

2018 жылы ішкі туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік субсидиялау бағдарламасының арқасында Үшарал Алматыдан қайтадан тікелей әуе рейсін қабылдай бастады.

2021-2022 жылдары ұшу-қону жолағы, жермен жұру жолдары, тұрақ алаңдары бар перрон қайта жаңартылды.

Әуежай деректері

Терминалды пайдалануға беру (салу) күні – 2017 жыл.

Терминалдың өнімділігі: 50 адам/сағ

Терминалдың жалпы ауданы: 800 м²